«Өмірім болашағымның ертеңі» Жастар ресурстық орталығында осындай атаумен психологиялық кездесу өтті. Орталық өкілдері жоғарғы сынып оқушылары мен студенттердің басын қосып, жастар арасында кері қалыптасатын мінез-құлықты болдырмау, оны алдын алу салдарын талқылады. Жиында психолог мамандар баланың суицидке апаратын әрекеттерді айтты.


Қоғамда  жастардың мінеқ-құлқы агрессивті болып келетіні жиі айталады. Әсіресе өтпелі кезеңде балаға дұрыс бағдар беру маңызды. Оған дұрыс көңіл бөлмеу, сыныптасымен сөзге келуі, мұғалімнің айтқанын көтере алмауы, тіпті ата-анасының ашумен айтқан сөзі де қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Сондықтан бала тәрбиесіне барынша абай болу керек –дейді психолог мамандар.
Шымкентте жасөспірімдердің суицидке бару әрекеті азаймай тұр. Өткен жылы жеті бала өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болса, 12 бала осындай әрекетке барған.
Жастармен бас қосуда Тұран аудандық полиция қызметкерлері беймезгіл уақытта көше кезу, түнгі уақытта ойынханада ойын ойнау сынды фактілер жиі тіркелетінін айтты. Ондай кезде балаға емес, оның ата-анасына ескерту беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.