Қанша жылдан бері құрғап қалған каналдар суға толып, арық-атыздарға тіршілік нәрі жіберілді. Қала билігі үшінші мегополистің микроклиматын жақсарту мақсатында  4 кезеңнен тұратын жоспар құрыпты. Бірінші кезең бойынша 22 шақырым арық қалыпқа келтірілген. Енді Тәукехан, Мәделі қожа, Түркістан көшесінің бойынағы арықтармен су жүріп ауа ылғалдылығы сақталады. Сондай-ақ қала аумағында егілетін жасыл екпелердің де саны артады. Көпжылдық гүлдер отырғызылады.  

Шымкентте ұзындығы 313,1 шақырымды құрайтын 34 канал болса, оның бесеуі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ал, қаланы қиып өтетін Жаңа шек арнасының 7 шақырымы қалыпқа келтіріліп, ағын су жіберліді. Шаһар микроклиматын қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыс 4 кезеңнен тұрады. 5 жылдық жоспардың нәтижесінде 40 көшедегі арыққа су жіберілмек. Қазіргі таңда 131 шақырымды құрайтын 17 ауылшаруашылық арнада механикалық тазалау жұмысы жүріп жатыр.

 Сондай-ақ жауаптылар шаһарды желектендіру жұмысын қарқынды атқарып жатыр. Әсіресе көгал егуде ерекшеленіпті. Енді әдеттегі спорттық газонның орнына Мавритандық сорты егіледі.  Қазірдің өзінде 2800 шаршы метр жерге алғашқы ұрығын себілген. Нәтижесі көңілге қонымды болса, қаланың өзге аумақтарына де егіледі дейді қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы.

 Айта өтейік үшінші мегаполисте  200 мың түп тал-дарақ, орталық көшелер мен гүлзарларда 100 мың түп көпжылдық гүл егіледі. Сондай-ақ алдағы күзде 1 миллион дана қызғалдақ отырғызу жоспарланған.