Шымкенттік имамдар шапан сәлдесін шешіп, бұқаралық спортта бас біріктірді. Қалалық дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас болып Шымкент орталық мешіті имамдар арасында футболдан жарыс ұйымдастырды.
Имамдар тек Құдайға құлшылық қылып, жамағатты ізгі жолға жұмылдырып ғана қоймайды. Олар бұқаралық спортқа да белсене атсалысады. Мегаполистің бес ауданынын бес команда және Түркістан облысынан бір топ ойыншылар келіп алты команда өз ара бақ сынасты. Жай күнде сабырлы молдалар алаңда ылдым-жылдым қимылдап, тартысты ойын көрсетті.
Дүбірлі дода Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы " Алмазар" спорт алаңында өтті.Турнир Шымкент қаласының 5 жылдығы және Ислам және ізгі қоғам жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Жарыс алдағы уақытта жалғасын табады –дейді қаланың бас имамы.
Имамдар арасындағы турнир тартысты өтті. Ең бастысы бәйге емес өз ара ынтымақтастықты нығайту деген бастамамен өткен жарыс дін өкілдерін жақындастыра түсті. Десекте Абай ауданының командасы үшінші орынды місе тұтты. Қаратаулық имамдар екінші орынды жеңіп алды. Ал қаратау ауданынан шыққан дін қызметкерлері алғырлықтарын танытып бірінші бәйгені қанжығасына байлады.