«Автонұр» базары маңындағы трансформатор мен дүкеннен өрт шықты.  Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртенген аумақ 13 шаршы метрге жеткен. Төтеншеліктер оқиға орнына 2 минутта жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады.


Тұран ауданы Темірлан тас жолы бойында «Автонұр» аялдамасының жанында трансформаторда және бутикте өрт шыққан. Өрт туралы хабарлама ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне 2023 жылғы 6 маусымда сағат 14.48-де түскен.

 Өрт сөндіруішілер оқиға орнына екі минутта жеткен. Олардың кәсіби түрде тез арада әрекет етуінің нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 15.01-де оқшауланып, 15.06-да толығымен сөндірілді.

Қазгидромет  мамандары, 7, 8 маусым күндері Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтерілетінін хабарлады.  Шымкент қаласында 7 маусымда күн райы 38 градус ыстық болады. Күнту Арынбек, Нүркен Жалбиев, ...