Балалар мерекесі әлі де жалғасуда. 1 маусымда шымылдық түрген цирк қойылымы бүлдіршіндерге әлі де ұснылып жатыр. «Шымкент цирк» мекемесінің шығармашылық кешіне келушілердің қарасы қалың. Олардың басым бөлігі мектеп жанындағы жазғы лагердің тәрбиеленушілері.

«Шымкент Цирк» жылдағы дәстүрге сай, балалар күніне орай өз қойылымдарын тарту етуде. Шығарма жеңіл әзілдер мен ойындардан құралған. Ерекшелігі сол – мұнда жануарлар қатыспайды. Бірақ ол балалардың көңілін түсіріп жатқан жоқ. 

Аренада Алматы циркінің жас өнерпаздары да өнер көрсетті. Өзбекстандық сайқымазақ бүлдіршіндерге күлкі сыйлады.  Бірі жіппен өрмелесе, енді бірі шыр көбелек айналды. Кішкентай балғындарға да қойылым ерекше әсер етті.

Амина Абилтаева

көрермен
- Маған бәрі ұнады. Қызықты болды. Сайқымазақ келді. Әсіресе екі адамның жіпте тұрып билегені ұнады. Мен циркке жыл сайын келемін. Әр жылы әр түрлі қойылым көреміз. Достарыма да ұнап жатыр. Тағы да келгіміз келеді.

«Шымкент цирк» ұжымының бұдан бөлек  қазан айында ауқымды бағдарламасы көрерменге жол тартады. Мамандар жыл соңына дейін тағы 2 жобаны ұсынуды жоспарлап отыр.