Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін 2023-2024 оқу жылына ҰБТ-ның шекті балдары бекітілді. Шекті балл туралы ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығы  жариялады. Кейбір бағыттар бойынша оқуға түсу үшін 100 және одан көп балл жинау қажет. Ал, Оқу-ағарту министрлігі қыркүйек айында тәрбиешілердің жалақысы 30  пайызға  өсетінін хабарлады.

«Стоматология» бағыты бойынша кемінде 130 балл жинау керек; «Фармация» – 120 баллдан кем емес; басқа медициналық бағыттар бойынша – кем дегенде 100 балл; «Құқық» және «Педагогика ғылымдары» бағыттары бойынша – кем дегенде 75 балл; «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» – кем дегенде 70 балл;«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кем дегенде 60 балл; ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кем дегенде 65 балл; басқа жоғары оқу орындарына – кем дегенде 50 балл. Жоғары оқу орындары оқуға түсу үшін бұдан да жоғары шекті балл белгілей алады.


 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30  ПАЙЫЗҒА  ӨСЕДІ

Оқу-ағарту министрлігі қыркүйек айында тәрбиешілердің жалақысы 30  пайызға  өсетінін хабарлады. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ке өсті. Биыл 1 қыркүйектен бастап тағы 30%-ке өседі. Осылайша еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есеге артады», – дейді мектепке дейінгі білім департаментінің мамандары.Бүгінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде жүзеге асырылады.Педагогикалық колледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды.Биыл биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.