«Архив және болашақ ұрпақ»  дәл осындай атаумен Шымкент қалалық мемлекеттік архиві мекемесінде ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде студенттер мұрағатта сақталған тың құжаттармен танысып,зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Республикалық жоба аясында ұйымдастырылып отырған  шарада қалалық мемлекеттік архивінің жеке текті қорын құрушылар,ҚР мәдениет қайраткері Мұқан Шакиров пен белгілі журналист,ақын Фатима Жүнісова қатысып,өскелең ұрпаққа өткен өмірлерін баяндап ақыл кеңестерін берді.

Шараның басты мақсаты жастарды  архив ісімен таныстырып туған өлке тарихына терең шолу жасау дейді мамандар.

Республика бойынша 220 мемлекеттік архив болса,сол мекеменің барлығында бүгін  ашық есік күні өтуде.Айта кетейік  қазіргі таңда қалалық архив мұрағатында 413-ке жуық қор сондай-ақ 2000000-ға жуық құжаттар сақталған. 5бөлім бойынша 48 маман жұмыс жасауда.