The Spirit of Turkistan. Түркістан облысы әкімдігі ұйымдастырған заманауи этникалық концерт осылай аталды. «Керуен - сарай» кешенінің алаңында дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының ең көрнекті өкілдері өнер көрсетті.


Музыка мерекесінде Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары Шығыс базарының шынайы атмосферасын сезіне алды. Түрлі тағамдардан, тәттілерден, кептірілген жемістерден, кондитерлік өнімдерден дәм татып, қолөнер жәрмеңкесін тамашалап, ұлттық ойындардан сайыстарға қатысты. Концерт Jibek Joly/Silk Way телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді. The Spirit of Turkistan – ауқымы кең ұлттық мәдени жоба мәртебесіне ие болған The Spirit of Tengri брендінің бірегей музыкалық жобасы. Әлем халықтарының бірегей мәдениеттері арасындағы қалыптасқан мәдени байланыстар мен заманауи диалогқа негізделген жарқын музыкалық шоу.Оның миссиясы — әртүрлі жастағы адамдарды, әр ұлттың өкілдерін және қызығушылығы ортақ жандарды музыка әлемінде біріктіру. Сонымен қатар әлемдік орындаушылардың ерекше туындыларын таныстыру.