Шымкентті айналып өтетін жол салынып жатыр. «Оңтүстік» айналма жолы кәсіпкерлерге қалаға кірмей-ақ, шаруаларын тындыруға мүмкіндік береді. Құрылыс Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі. Жұмыс 2021-22 жылға жоспарланған болатын.
 Жол ұзындығы 16 шақырым. Шымкент-Ташкент бағытындағы бетон қабатты республикалық маңызы бар жолдан транзиттік көліктер шаһарға кірмей-ақ, оңға қарай бағытталып Ленгер тас жолына шығып кетеді. Бұрын ауыр жүк көліктері индутриалды аймақтарға қаланың ішімен кіретін болса, бұл мәселе осы айналма жол арқасында шешілген.
Иә, Шымкентте асфальт төсеу мәселесі көптің түрлі сауалын тудырады. Жол болған соң, сын көп. Мәселен, қалада соңғы 5 жылда 900 шақырым жол жөнделген. Басқармаға келіп түсетін шағымдар да осы сындас. Ішкі орам жолдардың жиі жөнделуі үнемдеудің амалы. Себебі, қанша берік қабат болса да, жол уақыт өткен сайын тоза береді.
Айта кету керек, жолға жүргізілетін әр жөндеудің өз нормативі бар. Жыл сайын жөндеу аралығы сақталуы керек. Орташа жөндеу жұмыстарынан кейін 3 жыл кепілдік мерзімі бар. Ақау болған жағдайда мердігер-мекеме өз есебінен жасайды. Дайын көшеге 5 жыл болмай жөндеу жүргізілмейді.