Биыл еліміздің кітапханашылары екінші рет төл мерекесін атап өтіп жатыр. 2022 жылғы 18 қазанда үкімет қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» мерекесі болып бекітілген еді. Содан бері сала мамандарының мәртебесі артып келеді. Мәселен Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай қызмет көрсетіп келеді. Онда  41 мәдени қызметкер жұмыс жасайды.

Гауһар Төленбек Пушкин кітапханасының тұрақты оқырманы. Студент аталғалы оқуға қажетті материалдарды осы жерден табады. Бос уақытында тетефонға телміріп емес, кітап оқығанды жаны сүйеді. Айтуынша кітапханада отырып кітап оқуға жағдай жасалған. Жарық әрі жылы дейді.

 Білімнің қайнар көзі кітап екені белгілі. Адамзат баласын осы біліммен сусындататын рухани орта, ол – кітапхана. Онда жұмыс істейтін мамандардың еңбегі қашан да ұшан-теңіз. Соңғы жылдары мәдени қызметкерлердің еңбегі еленіп, мәртебесі артып келеді.

Пушкин  атындағы қалалық әмбебап кітапханасында бүгінде 135 мыңнан аса кітап қоры бар. Оқырмандар қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі баслымды оқи алады. Сондай-ақ мәдени мекеме цифрландыру жүйесіне көшкен. Оқырман сұранысын қанағаттандыру мақсатында кітаптар «РАБИС» бағдарламасы бойынша электронды каталог қорына енгізіліп жатыр.

Кітапханада қазіңргі таңда 62 қызметкер жұмыс жасаса оның 41-і кітапханашы. Мұндағы оқырман саны 12 мыңнан асады. Ұжым жыл басынан 160 іс-шара ұйымдастырыпты. Айта өтейік, жалпы ШЫмкент қаласында 6 кітапхана 37 кітапхана бөлімшесі бар. Сонымен қатар 1 балалар кітапханасы мен 14 бөлімше оқырмандар үшін жұмыс жасайды.