Былтыр 56 мың жұмыссыз қызметке орналасқан. Ал биыл 32 мың азамат жұмыспен қамтылады. Ол үшін түрлі жас санатына тиесілі бірқатар жүйелі жобалар жұмыс істейді. Олар қаншалықты өнімді? Былтыр жыл басында жасақталған жоспар қаншалықты орындалған? Тілші анықтап көрді.


Еңбек мобильдігі орталығы биыл 32 мың азаматты жұмыспен қамтымақ. 11 мың кісіні тұрақты, 5 мың адамды уақытша жұмысқа орналастырады. Жұмыссыздарды қысқа мерзімді курстарда оқытып, кәсіп ашамын деушілерге қайтарымсыз гранд береді. Жыл басталған бір ай ішінде жүйелі жұмыс істеген орталық 4 мыңнан аса ниеттіні қызметке тартып үлгерген.


БАҒДАТ АРҚАБАЕВ, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Бүгінгі таңға дейін 4300 азамат белсенді шараларға қатыстырылды. 1700-ге жуық азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты. 500-ге жуық азамат уақытша жұмыспен қамтылды.» 


Қайтарымсыз грандты биыл 340 азамат алады. Құжат қабылдау рәсімі мамыр және тамыз айларында өтеді. Ал қысқа мерзімді оқыту курстары ақпан айында басталады. Оған 700-ге жуық ниетті қатысып, маман атанады. Ал былтыр орталық 49 мың азаматты жұмыспен қамтымақ болған. Жоспар артығымен орындалып, 56 мыңнан аса Шымкенттік екі қолға бір күрек тапқан.


БАҒДАТ АРҚАБАЕВ, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Оның ішінде 5500 азамат уақытша жұмыс орындарына орналасты. 13 500 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Одан бөлек қысқа мерзімді оқытға жолданды және де былтыр 423 адамға қайтарымсзы гранд беру жоспарланған. Алайда 431 адамға берілді.


Өткен жылы 2662 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, 382 азамат алғашқы жұмыс орынына орналасқан. 10 ниетті ұрпақтар келісім шарты жобасы негізінде жұмыс істеген. Сондай-ақ 1787 жас «жастар практикасы» негізінде еңбекке араласқан. Соның бірі – Аружан Алжанова. Былтыр ғана оқу орынын аяқтаған фармацевт, көп іркілмей жоба негізінде бірден қызмет тапқан.


АРУЖАН АЛЖАНОВА, ДӘРІХАНАШЫ

Ең бірінші маған осы «Айс фарм» дәріханасы ұсынылды, маған осы жер ұнады. Осы жерде жұмыс істеймін деп шештім. Әрбір дәрінің дозасына, құрамына жауапкершілікпен қарау керек. Адам өмірі ең қымбат құндылық болғандықтан өз ісіме барынша ұқыпты, тиянақты қарауға тырысамын.


 Жас дәріханашының айтуынша «жастар практикасы» тиімді жоба. Қызметтік тәжірибесі жоқ мамандар үшін таптырмайтын мүмкіндік.