Қазақстанда Жаңа Конституция жобасы бойынша қоғамдық талқылау жалғасып жатыр. Әл-Фараби атындағы қалалық кітапханада «Конституция Қазақстанның тұрақты дамуының құқықтық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар жаңа Ата заң ұлттық бірегейлік пен мемлекеттің тұрақтылығын нығайтатынын айтты. Айтуларынша тарихи құжат азаматтардың құқықтарын қорғап, саяси жүйені жетілдіруге жол ашады.
Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет ата заң деңгейінде бекітілген. Жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарының бағдарлануы. Осылайша, адам құқығы мен бостандығы жаңа Преамбулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған.
ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ОҚЫТУШЫСЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Адамдардың қоғамдағы ең көп талқыланатын бұл баспана болса, баспанадан да соттың шешімінсіз ешқандай да тартып алуға, қуып шығуа болмайтындығы туралы айтылған баптар, қарапайым халықтың көңілінен шықты ғой деп есептеймін және олардың құқығын қорғаудағы Конституция құқықтық негіз береді.
Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді.
АНАР ЖАППАРҚҰЛОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Кіріспесінен-ақ бұл жерде даланың мың жылдық тарихи сабақтастығын сақтай отырып деп басталады. Осы сөздің өзі елдің азамат екеніне қуанатындай бастама. Конституцияның өң бойында мемлекет адам үшін деген қағидабасты назарға алынған. Бұрын адамның қуат-күші, оның бойындағы қажыр қайраты мемлекетке арналатын болса, қазіргі таңда мемлекеттің барлықресурсы адам капиталын дамытуға арналған деп ата заңымызда айқындап көрсетіп қойған.
Сарапшылар жаңа Ата Заң жобасы отбасы институтын нығайтуға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын жеткізді. Сондай-ақ болашақ заңнамалық бастамаларға нақты бағдар беретініне сенімді.