Шымкент мектептеріне «Айқын» ақпараттық жүйесі енгізілді. Осылайша мегополистегі барлық мектеп толық цифрландырылды. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек А.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында білім саласындағы цифрландыру жобаларын таныстырды.


Қаладағы барлық мектептерге жасанды интелектке негізделген «Айқын» ақпараттық жүйесі енгізілді. Интеллектуалды платформа мектептердегі қауіпсіздікті, өрт оқиғаларын, буллинг жағдайларын және оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалайды. Жоба негізінде мектептерге 10 мыңнан астам жаңа бейнеқабылау камералары орнатылып, 5 000 камера интеграцияланды.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біздің мектептерге толық орнатылып болды. 12 мектеп «Келешек мектептері», 147 мектепке келісім шарт жасалынғн. Яғни, Шымкент қаласындағы мемлекеттік мектептер цифрландыру барысынан толық өтті деп айта аламыз.


Сондай-ақ, қаладағы мектептерге 400-ге жуық «Alaqan mektep» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Жүйе оқушыны алақан биометриясы арқылы тіркейді. Қала әкімі орынбасары Сәрсен Абайұлының айтуынша, бұл бюджет қаражатын тиімді жұмсауға септігін тигізген.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бұрын 100 бала таматанатын болса, барлығына қаржы бөлініетін мемлекет тарапынан. Баланың мектепке келгендігін, тамақ ішкен-ішпегендігі ескерілмейтін. Қазір әр баланың тамақ ішкен уақытын анықтағанның арқасында, өткен жылдың 4 айында 600 млн қаржыны үнемдедік. 


Мектептерді толық цифрландыру үшін 1 миллион метрден астам құрылымдық кабель тартылған. Барлық бейнебақылау камералары қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Олар жағдайды онлайн режимде бақылап, талдап, жедел шешім қабылдай алады.