Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Тараз, Алматы бағытынақарай көлік қозғалысына шектеу қойылды.


Түркістан облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығына қарамастан күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқарып келеді. Көршілес облыстарда қалың қар жауып, трассаларда көліктердің қозғалу мүмкіншілігінің болмауына байланысты Шымкент бағытынан Тараз, Алматы қалаларына қарай барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.


Түркістан облысының қонақтары, тұрғындары және жүргізушілер назарына ауа райы күрт өзгеріп жаңбар, қатты қар жаууына байланысты ШЫмкент бағытынан Алматы Тараз бағытына қарай барлық автокөілкке, жүк көліктеріне жеңіл көліктерге шектеу қойылды. Жолға шықпайларыңызды сұранамыз.