Көлік полицейлерінің хабарлауынша олар қаңтар айында елдің әуе және теміржол көлігі нысандарындағы 9 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.
Оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйінде жүргені үшін – 649, қоғамдық орындарда тиісу бойынша – 638, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 55 және басқа да құқық бұзушылықтар тіркелген. Мамандар тексеріс жұмыстарын күшейтіп, жүйелі қадағалау қызметін атқарып келеді. Соның арқасындағы қоғамдық орындардағы оқыс оқиғалар саны біршама азайған.