Алаш базарында жаңа ата заң жобасын түсіндіру мақсатында сарапшылар кәсіпкерлермен кездесті. Мән-маңызы жоғары құжаттың негізгі бағыттарын талқылап, сауда мамандарымен пікір алмасты.
Ата заң – қоғамның барлық қабатын қамтитын маңызды құжат. Онда сіз бен біздің құқықтарымыз, міндеттеріміз бен жауапкершілігіміз баяндалады. Демек, мұндай негізгі құжатты ел азаматтары толық білуі қажет. Мақсат аясында жауаптылар базардағы сауда қатарларын арарлап, кәсіпкерлерге заң жобасын түсіндірді.
Кәсіпкерлер жаңа ата заң жобасымен танысқанын және оны қолдайтындарын жеткізді. Айтуларынша, ел тарихындағы мұндай маңызды тарауға немқұрайлы қарауға болмайды. Әрбір азамат заң жобасымен танысып, өз пікірін қалыптастырғаны абзал.
Жауаптылар базар аумағын түгелге дерлік аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде кәсіпкерлер жолдаған сауалдарға заң аясында тұщымды жауап берді.