Шымкентте Shymkent CUP республикалық турнирі басталды. Дәстүрлі түрде өтетін жарыс биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Ауқымды спорттық додаға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 400-ге жуық жас теннисші қатысуда.


 Үшінші мегаполисте үстел теннисі қарқынды түрде дамып келеді.Кезекті рет өтіп жатқан жарыста жасөспірімдерге басымдық берілді. Халықаралық деңгейдегі турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік бермек.


ЕЛСИЯР ҚАНАҒАТОВ, ҚР ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

 2027 жылы елімізде үлкен көлемде халықаралық жарыс өтпек. Бұл спорттың дамуына мұндай турнирлер үлкен үлесін қосады.


 Жарыс төрт жас санаты бойынша ұйымдастырылып отыр. Төрт күнге созылатын турнирда жеңімпаздарға 2 миллион теңге көлемінде қаржылай марапат табысталады.


АЗАМАТ АЛТАЙ, БАС ТӨРЕШІ

 Жарысқа 2010-2017 жылы туған жасөспірімдер қатысады.Жалпы төрт санат бойынша өтеді. Төрт күн ішінде жеңімпаздарды анықтаймыз.Жарысқа жалпы саны он төреші төрелік етеді.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Shymkent CUP» жас теннисшілер үшін маңызды алаң саналады. Мұнда қатысушылар тек жеңіс үшін күресіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынас орнатады.