“Балалар жылы” аясында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және ішкі істер органдарының қызметімен таныстыру мақсатында Сауран аудандық полиция бөлімінде оқушылармен кездесу өтті.


Оған бөлім бастығының орынбасарлары Данияр Түймебаев пен Тимур Рустемов қатысып, полиция қызметінің негізгі бағыттары түсіндірді. Кездесу барысында жас өренге ішкі істер органдарының міндеттері, қызмет ерекшеліктері, құқық қорғау саласындағы жауапкершілікгі жайында ақпарат берілді. Жас буын тәртіп сақшыларының күнделікті жұмыс барысын жан-жақты танып, салаға деген қызығушылықтарының оянғанын жеткізді.