Сауран ауданының прокуратурасы «Қолдау және мүмкіндіктер» акциясын өткізді. Іс-шара мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру және олардың проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған.


 Аудан прокуратурасының ұйымдастырған акциясына тұрғындар түрлі мәселелерімен келген. Барлығының мақсаты ерекше күтімді қажет ететін азаматттардың құқығын қорғау. Акция аясында ерекше азаматтарға әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту, медициналық және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Прокуратура қызметкерлері мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, азаматтардың өтініштері мен сұрақтарын қабылдап, заң талаптарына сәйкес құқықтық кеңес берді.