Қаратау ауданында 2025 жылы 2 елді мекеннің жеке меншік ауыз су жүйелері мемлекет меншігіне қабылданған. Қазіргі уақытта ол елдімекендердегі су беру уақыты 12 сағаттан 24 сағатқа дейін ұлғайтылған. Ауданда атқарылған және жоспарланған жұмыстарды Алмас Абаев ел алдында баяндады. Әкімнің халықпен кездесуін тілші әңгімелейді.


Өткен жылы үздіксіз, таза тіршілік нәріне қол жеткізген «Сайрам» және «Қызылсу» тұрғын алаб тұрғындары. Қазіргі уақытта, ауыз су тәулік бойы үздіксіз берілуде. Бұған дейін аудандағы 3 000-нан астам абонентке ауыз су кестемен, яғни тәулігіне 6–8 сағат аралығында беріліп отырғандықтан, халықтың наразылығы туындаған. Мәселе тыңдалып олқылықтардың орны толған.


АЛМАС АБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 2026 жылы 3 елді мекенді мемлекеттік ауыз су жүйесіне қосу мақсатында жұмыстар жүргізілуде «Таскен» тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағы Мердігер мекеме: «Өсер Групп» ЖШС дайындап жатыр.


Қаратауда электр энергиясымен тұрақты әрі сапалы қамту бағытында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. 2025 жылы 2 елді мекенді электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілген. «Тұран» шағынауданында құрылыс жұмыстары аяқталып, «Сайрам» тұрғын алабының тозығы жеткен электр желілерін алмастыру жұмыстары жалғасуда. Баяндамадан кейін жиын жанды әңгімемен қызды. Тұрғындар мәселелерін алға тартып сұрақтарына лезде жауап алды.


Ауданда жалпы ұзындығы 753 шақырымды құрайтын 896 көше бар. Оның ішінде 745 шақырымы асфальтпен, 8 шақырымы шағал таспен жабылған. 2025 жылы 107 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілген. 306 көшеге асфальт қабаты төселіпті. Биыл аудан аумағындағы 84 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда.