Тамыр таныссыз өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Шымкентте BILIMQADAM – 2026 жәрмеңкесі арқылы 21 жас маман жұмысқа конкурссыз қабылданды. Жалпы білім беретін мектептерге жұмысқа қабылданған жас мамандармен қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы кездесті.
Жұмысқа конкурссыз орналасқан 21 жастың қатарында Тоғжан Құрмантайда бар. Ол Еуразия университетін үздік бағамен тамамдаған жас түлек. Мегаполиске келіп Бауыржан Момышұлы атындағы №44 мектепке қабылданып отыр. Қазір өзінің сүйікті мамандығы химия пәнінің мұғалімі. Жас маманның бұл кездесуден алған әсері ерекше.
ТОҒЖАН ҚҰРМАНТАЙ, Б. МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №44 МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ
Бүгінгі кездесуде өзекті тақырыптар қозғалды Жас буын ретінде өз ойымызды ашық айттық. Сұрақтарымызға жауап ала білдік. Тоқтаусыз өз саламызда қызмет етіп елімізді көркейтуге мүмкіндігіміз бар екенін білдік.
Қала әкімінің орынбасары кездесуге қатысып, жас педагогтермен еркін форматта пікір алмасты. Сәрсен Құранбек білім саласын дамыту, сапаны арттыру және меритократия қағидаттарын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл бастамалар ел болашағы – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған. Кездесудің басты мақсаты – кадрлық саясаттағы ашықтық пен әділдік қағидаттарының нақты іске асып жатқанын көрсету, қоғамда қалыптасқан жаңсақ пікірлерді жою және жас мамандарға қолдау білдіру болды.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Адалдық деген өзіғе жүктелген міндетті жетер жеріне дейін жеткізіп орындау. Оныда ұмытпаңыздар. Мемлекеттік қызметтеде түрлі адамдар болады. Мемлекеттік қызметкерлер қол қусырып отыра берсе басқа жаққа ауыстырып жібереді.
Айта кетейік, BILIMQADAM – 2026 жәрмеңкесі аясында конкурсқа қатысқан өзге үміткерлер бойынша іріктеу нәтижелері келесі аптада жарияланатын болады. Кездесу барысында жас педагогтер өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, ашық диалог алаңында өзекті мәселелерді талқылады. Шымкент қаласында білім беру саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету, кәсіби білікті кадрларды қолдау және жастарға тең мүмкіндік беру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.