Жаңа Конституция– ұлттық келісім мен бірліктің факторы. Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұжымы осындай пікірде. Жоғарғы оқу орны өкілдері жаңа Ата заңға енетін өзгерістерді талқылап, дөңгелек үстел өткізді.
Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтеді. Осылай деген Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұжымы «Конституциялық реформа – ұлттық келісім мен бірліктің факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Олар көпшілікке ұсынылған жаңа Ата заңды қолдап отыр.
САЛТАНАТ ТЕМІРӘЛИЕВА, Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Қабылданғалы жатқан Конституциямызды бірауыздан қабылдаймыз деген үміттеміз. Бізге керегі қазіргі таңда ҚР азаматтарының мүддесін қорғайтын жоба ұсынылып отыр....
Жиынға қатысушылар жаңа Ата заң жобасындағы ғылым-білім және цифрландыру саласына ерекше тоқталды. Сөздерінше, жаңа Конституциядағы өзгерістер білім беру саласын дамытуға серпін береді.
МҰХАММЕДКӘРІМ ЕРТАЕВ, ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ
Біз жоғарғы оқу орны болғаннан кейін ғылым мен білім жүйесі қалай өзгеретініне қысқаша тоқталсам. Біріншіден білім-ғылым жүйесіне үлкен реформация келіп жатыр. Ол цифрландыру. Оған өтсек бір сатыға көтеріледі.
Айта кетейік, жаңа Ата заң жобасы көпшіліктің қарауына ұсынылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15-наурыз күні республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.