Жаңа Қазақстанға – жаңа Конституция қажет. Шымкенттік оқытушылар осындай пікірде. Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университетінде өткен жиында жаңа Ата заның жобасы талқыланып, ұсыныс-пкірлер тыңдалды.
Қазақстан ¬ дамудың даңғыл жолында. Қазір алпауыт мемлекеттермен иық тірестірер жағдайға жеттік. Әлемдік аренада өз биігімізді қалыптастыруда Ата заңның алар орны ерек. Сондықтан жаңа Конституция қажет-ақ.
Ата Заңның жаңартылған редакциясында мемлекет дамуының іргелі бағыттарын айқындайтын мызғымас қағидаттар мен құндылықтар нақты белгіленген. Соның ішінде адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі басты басымдық ретінде айқындалды.
Оқу ордасының ұжымы осылайша жаңа Конституция жобасында көтерілген бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді. Олар бұл құжат ел дамуына берік құқықтық негіз қалап, әділ қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.