Шымкентте «Жаңа дәуір-Жаңа әуен» атты концерт өтті. Шара Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясында шымылдық түрді. Кеште осы мәдени ошақтың скрипкашылар ансамблі өнер көрсетті.
Өнер ұжымы ішекті-ыспалы аспаптармен толығып, Камералық оркестр атанып отыр. Жаңарған ұжым көрермен қауымды алғашқы «Жаңа дәуір-Жаңа әуен» атты жеке шығармашлық кешін өткізіп қуантты. Скрипка, виолончель, контрабас аспаптарының әуезді әуені жүректерді тебірентті. Камералық оркестрдің кезекті жаңа бағыттағы концертінде әлемдік және отандық классикалық шығармалар ұсынылды. Филармонияның классикалық бағыттағы әншілері оркестрдің сүйемелдеуінде әлемдік классикалық туындылардан үзінді орындады. Жанды дауыс, оркестрдің әсерлі сүймелдеуі концерттің сәнін келтіріп, көрермен қауымның қошеметіне бөленді.