5000-нан аса жасөспірімнің ата-анасы заң аясында жауапқа тартылды. Бұл жыл басынан бері тіркелген оқиғалар саны. Түркістан облысының полицейлері кезекті рейдке шығып, заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген балаларды анықтап, ата-анасына жеткізді.

Рейд жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдына алу мақсатында ұдайы өткізіліп отырады. Түнде ойын-сауық орталығынан орын тапқан балаларды анықтау, қылмыстың алдын алу секілді шараларды қамтитын кешенді шара. Оларға қоғамдық көмекшілер де жәрдемдесіп, бірігіп қызмет атқарады. Рейд барысында түрлі мекенде жүрген балаларға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарына жауапкершілік қаралды. Айта керу керек, кәмелетке толмаған балаға көңіл бөлмеген ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.  Сонымен бірге, сағат 22:00-ден кейін балаларды кіргізіп, заңды өкілінсіз отыруына жол берген ойын-сауық орталықтарына да ӘҚБтК-нің 132 бабымен айыппұл салынады.