«Адал азамат» жобасы  аясында  қалалық Пушкин  атындағы әмбебап кітапханада «Еңбек пен ізденіс-табысқа жетелейді» тақырыбында іскер азаматтармен кездесу өтті.  Жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеу мақсатында ұйымдасытырылған шараға ЖОО-ның  студенттері мен  белсенді оқушылар қатысып, кәсіп бастаудың қыр-сырына үңілді.

 Жиынның басты ерекшелігі ТЕД Х форматында өтуі, яғни  еркін  бағытта сұрақтар қойылып  бейнероликтер көрсетіледі.Кәсібін өз күшімен бастап, адал жолмен табыс тауып жүрген кәсіпкерлер жайлы қызықты мағлұматтар ұсынылып, жеткен жетістіктері баяндалды.  Шараның басты мақсаты да сол жас ұрпақты адал азамат етіп қалыптастыру, рухани- патриоттық сезім сыйлау дейді мамандар.

Кездесуге арнайы келген кәсіпкердің бірі Шайқыпасан Қалмырзаев. Бала кезден жылқыға деген қызығушылығы басым болған азамат, қазіргі таңда ұлттық ойын көкпарға сәйгүлік баптаумен айналысатын атбегі.

Айта кетейік6  «Адал азамат» бағытында өткен шара осымен 2-ші рет ұйымдастырылып отыр.Алдағы уақытта жоба аясында түрлі бағытта жетістіктерге жеткен жандармен кездесу ұйымдастыру  тұрақты түрде өз жалғасын таба бермек.