Шымкентте ата-анасының бақылауынсыз жүрген 10 бала бейімдеу орталығына орналастырылды. «Құқықтық тәртіп» жобасы аясында Ювеналды полиция инспекторлары мегаполис аумағында түнгі рейд жүргізді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2 күн ішінде жалпы саны 166 құқық бұзуышылық анықталды. Онын ішінде, түнгі уақытта ата-анасынын бақылауынсыз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 131 жасөспірім әкімшілік кодекстін 442-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ, беймезгіл уақытта ойын-сауық, орындарында болған 22 жеткіншекке катысты 442-баптын 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Бұған қоса, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген 12 кәсіпкер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 132-бабымен жауакершілікке тартылып, тағы 10 бала бейімдеу орталығына орналастырылды.