Төлеби ауданынындағы көпсалалы техникалық колледжі кәсіптік мамандық даярлауда көш бастап келеді. Қазір білім ұясында ауылшаруашылығын механикаландыру бағытында білім алушылар көп. Олар теорияда алған білімін практикада жетілдіріп отырады. Ол үшін білім ордасына тиесілі 73 гектар жер қарастырылған. Мамандар жастарды қарапайымдылыққа үйретуде аталған мамандықтың мүмкіндігі мол,-деп отыр.
Көпсалалы техникалық колледж төлебилік жастардың кәсіптік білім алуына мүмкіндік беріп отырған бірден-бір білім ошағы. Талай жас түрлі мамандықты меңгеріп, темірден түйін түйіп, қыздар киім-кешек әрлеу, аспаздық бойынша білім алуда. Ауылшаруашылығы бағытындағы мамандыққа қызығушылар да жоқ емес.
Шәкірттер үшін колледжде дуалды білім беру жүйесі қарасытырылған. Білім ошағы жанындағы 73 гектар алқапқа көктемде егіс егіп, соны күтіп-баптау – студенттердің міндеті. Күзде егістікті жинап, жерді келесі маусымға даярлауға дейінгі жұмыс жастарды еңбекке баулып отыр.
Қазір оқу орны «Жас маман» жобасына ендірілген. Соның негізінеде ауылшаруашылығы техникаларына қолжетімділік туған. Яғни шәкірттер үшін заманауи автоматтандырылған тракторлар жеткізілген. Солардың игілігін көріп отырғандардың бірі – Ерболат Сарман.
Ауыл жастарының негізгі мақсаты – туған елді түлету. Ол үшін қарапайым кәсіптік мамандықтарды меңгеріп, сол бағытта жұмыс істеуді қолға алған. Осынау армандарын жүзеге ажсыруда ауыл ішінен білім алу мүмкіндігі туғанына бек разы.