Қазақстанда желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай қосымша пойыздар шығарылады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс күрт артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға қосады.
Қосымша пойыздар Астана мен Шымкент, Астана-Алматы, Астана-Павлодар арасында қатынайды. Нақтырақ айтсақ, №201/202 «Нұр-Сұлтан 1-Шымкент» поезды Астанадан 15, 29 желтоқсан және 2024 жылғы 1 қаңтарда, ал Шымкенттен 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылғы 2 қаңтарда жүреді. Сонымен қатар №203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2» поезды 15, 28, 29 желтоқсан және 2024 жылғы 1, 2 қаңтарда астананың «Нұрлы жол» вокзалынан, ал Алматы 2 вокзалынан 16, 29, 30 желтоқсан және 2024 жылғы 2-3 қаңтарда жолға шығады. Сондай-ақ, №7510/7509 «Астана-Павлодар» электр пойызы да мерекеге байланысты қосымша жүреді. Ол 15, 29, 30 желтоқсан, ал кері бағытта — 18 желтоқсан 2024 жылғы 2 қаңтарда қатынайды. Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады, — делінген хабарламада.