Төлеби ауданында жастар практикасы жобасы нәтежиесін беріп отыр. Қолына диплом алып, мамандық иесі атанған жастар ауыл-аймақтарда тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмыспен қамтылуда. Бірі кәсіпорындардан жұмыс тапса, енді бірі мектеп, балабақша мен ауруханадан нәпақа айыруда. Ауданда кәсіп бастағысы келетін жастарға да қолдау көп.
Төле би ауданының жастары жұмыссыз қалмақ емес. Қолына диплом алғандар жергілікті мансап орталығы арқылы екі қолға бір күрек ұстауда. Солардың бірі – Шұғыла Абдулла. Шілдеде қолына диплом алғаннан соң жұмыс іздеп сабылмаған. Аудандық ауханаға жұмысқа орналасып, бүгінде жерлестеріне қызмет көрсетіп отыр.
Жастар практикасымен жұмыс істеуге келген жастарға ұжымдастары дән риза. Жас мамандар оқуда алған білімін тәжірибе арқылы көрсетіп, дәрігерлерге қолғабыс қылып отыр,-дейді дәрігерлер.
Аудандық аурухананың тыңғылықты жұмысына жергілікті азаматтар да ризашлығын білдіріп отыр. Жастар қашанда іске епті болады,-дейді тұрғындар. Тәжірибе алуға келген жас мамандар емделушілердің де көңілінен шығып үлгерген.
Аудандық мансап орталығы жыл басында 350 азаматты жастар практидкасы негізіндеи жұмысқа орналастыруды жоспарлаған. Қазір 102 мекемеде жұмыс істеуге 270 маманға жолдама берілген.
Аудан жастарын қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беру жағы да жүйелі жолға қойылған. Қазір кәсіп бастауға пейілді 90 азамат 5 миллион теңгелік несиеге қол жеткізген.