9 жасар баланың ұялы телефонын алып қашып кеткен жігіт құрықталды. Оқушының телефонын ұрлаған жас жігітті полиция қызметкерлірі бейнебақылау камерасының көмегімен қаладағы сауда орталықтарының бірінің алдынан ұстаған. Ал «құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында 10 бала бейімдеу орталығына орналастырылды.


 Полицияға Қаратау ауданының тұрғыны тонау туралы арызбен жүгінген. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу көшеде оның ұлының смартфонын ашық түрде ұрлап кеткен. Сабақтан үйіне қайтып келе жатқан баласына бейтаныс жігіт бір рет қоңырау шалып алу үшін телефонын сұраған. Алайда қаскөй нөмірді теріп жатқандай кейіп танытып, ұялы телефонды алып қаша жөнелген. Бұл оқиға баланың сыныптасының смартфонына түсіп қалған. Құқық қорғау қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы күдіктінің алған бағыты мен жеке басы анықтап, оны қаладағы сауда орталықтарының бірінің алдында  ұстады. Ол ұрланған смартфонды сатып үлгермеген екен.  Гаджет тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Белгілі болғандай, жас жігіт бұл қылмысты жасамас бұрын із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздеуде болған. Туыстары оны 3 күн бойы іздеген.


УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРҒА СУ ЖАҢА КӨЛІК КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкенттегі учаскелік полиция пунктерін материалдық және техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментінің бастығы Думан Таев учаскелік пунктерді аралап, олардың жай-күйімен танысып жүр. Кезекті тексеру жұмыстары кезінде шаһардың бас полицейі Қайнарбұлақ саяжайында болып, жергілікті азаматтармен кездесті. Саяжайда халық тығыз әрі қаладан шалғай орналасқан. Қызметте қолайсыздық тудырмау үшін департамент бастығы учаскелік полиция инспекторларына су жаңа екі көліктің кілтін табыстады. Жергілікті тұрғындар саяжайдың тыныштығы мен халық қауіпсіздігі үшін жағдай жасап жатқан тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдірді.


10 БАЛА БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында Ювеналды полиция инспекторлары мегаполис аумағында түнгі рейд жүргізді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2 күн ішінде 166 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 131 жасөспірім әкімшілік кодекстің 442-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.Сондай-ақ, беймезгіл уақытта ойын-сауық орындарында болған 22 жеткіншекке қатысты 442-баптың 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Бұған қоса, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген 12 кәсіпкер жауакершілікке тартылып, тағы 10 бала бейімдеу орталығына орналастырылды.