Туған жері Отырарды түлеткен. Аштық жылдары ауылдағы ағайынды аман алып қалуға атсалысқан. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Дүйсенбай Алтынбековтың туғанына 125 жыл. Осыған орай тарихи тұлғаны еске алуға арналған жиын өті.

 Шәуілдір аудандық атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болған Дүйсенбай Алтынбеков Отырар өңірінің тумасы. Ол 1930 шы жылдары Торғай өңірінің прокуроры қызметін атқарған. Алайда аштық жылдары әр  тоғайды сығалап жан баққан ауылдастарының қамын жеп елге келіп туған өлкесін түлетуге кіріседі.

Сол қаржыға ауылда арық қаздырып. Аймақты ағынсумен қамтыған. Техника кем уақыт алғашқы атызды кетпенмен адам күшімен қаздырады. Сұрапыл кезеңде қыстың суығына қарамай  30 шақырым конал  қаздырады. Бүгінгі таңда сол Оман арықтың бойында 58 мыңнан астам тұрғын тіршілік

Елім деген еңіреген ел жалған жаладан жапа шекті.  1937 ші жылы саясаттың құрбаны болды. Еске алу жиынына тарихшылар ғалымдар  келіп зерттеу жұмыстарын баяндады. Туған туыстары мен ұрпақтары бабаларын еске алды. Кеңестің қылышынан қан тамған заманда халқының қамын жеген дарабоздың еңбегі мен ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі.