Топырақ жол, шаң басқан көше. Бұған дейін шаһарға шалғай орналасқан елдімекен көшелерінің көрінісі осылай болатын. Енді қала билігі шеткі шағынаудандарға назар салып, жолдарды жөндеп жатыр. Мәселен биыл Тұран ауданында 39 көшеге асфальт жабындысы төселген. Сондай-ақ батпақ көшелерге шағал тас төселіп тұрғындардың еркін жүріп тұруына жағдай жасалған.
Баламыз батпақ кешіп мектепке барады деген тұрғындардың уайымы артта қалды. Себебі биыл Жаңаталап, Қазығұрт, Ақтас. Агропром, Айкөл, Құрсай шағынаудандарындағы 32,3 шақырымды құрайтын 39 көше асфальтталды.
Бірнеше жыл қатарынан Құрсай елдімекенінің тұрғындары «жолымызды қазып, батпағын шығарып кетті» деп шағымданып келген еді. Себебі, елдімекенді ауыз сумен қаму үшін бұрын төселген асфальт бұзылған болатын. Бүгінде мұндағы жағдай өзгеше. Көшелер тегістеліп, асфальт төселген. Шағынауданда биыл 16,4 шақырым көшеге қалыпқа келтіріліп, асфальт жабындысы төселген.ген.
Айта өтейік, 221 мың тұрғыны бар Тұран ауданында 237 шақырым асфальт, 41,5 шақырым шағал тас, 17 шақырым топырақ жол бар.