Шымкенттіктер үшін көше атауларын бұрмалап айту – әдетке айналған. Қазақша есімдер тіпті жол карталарында да белгіленбеген-ді. Бұдан былай «2GIS», «Яндекс» қосымшаларындағы картада қаладағы көше атаулары қазақша таңбаланады.
Көше атауын қою үшін арнайы талаптары бар. Көшеге жер,су аттары, елге еңбегі сіңген азаматтардың есімі берілуі керек. Тұрғындар келісімі болмаған жағдайда атауды өзгерту мүмкіндігі бар.
Көше атауын мемлекеттік тілде таңбалау ісі қарқын алған. Қазір мамандар жол картасына арналған қосымшаларда қазақша таңбаны талап етіп отыр.
Арнайы комиссия мен тұрғындардың мақұлдауы негізінде қолға алынған көше атауын өзгерту жайы да қарастырылған. Тек ол үшін 10 жыл өтуі лазым. Сондай-ақ, тұрғындар таңдаған атау мемлекеттік талапқа сай болуы керек.