1988 жылы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 1 желтоқсан – ЖИТС-пен күрес күні – деп жариялады. ЖИТС-пен күрестің ауқымын кеңейту, тиімділігін арттыру мақсатында жыл сайын әр түрлі ұранмен өткізіледі,  2023 жылдың ұраны: «Көшбасшылық – Қауымдастықтарға!» ұранымен өткізілуде. Осыған байланысты Шымкентте баспасөз брифингі ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда қаламызда АИТВ-инфекциясымен жұмыс жасау дүниежүзілік стандартқа сай жоғары дәрежеде атқарылады. Бұл есепте тұратын науқастардың сәтті ем алуына, толық дені сау бала дүниеге әкелулеріне жол ашты. Көрсетілген жетістік қауымдастық көшбасшыларымен бірге атқарылған еңбектің жемісі.

АИТВ-ға тестілеу - өзінің статусын білуге және терапияны алуға мүмкіндік береді. АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі. Қабылданған шаралар жүкті әйелдерде АИТВ-ны дер кезінде анықтауға және көп жағдайда инфекцияның анадан балаға жұғуына жол бермеуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясын диагностикалау, емдеу және алдын алу шаралары толығынан тегін, мемлекет есебінен іске асырылады.  Шымкент қаласы бойынша Кәмелетке толғандар ішінде 8 (дискордантты) жанұя құрған,  5 жанұя балалы болды, ол жанұяларда бүгінгі күнде – 12 сау нәресте дүниеге келген.