1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ – пен күрес күні. Атаулы күнге орай, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі  орталығы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы бірлесе отырып оқушылар арасында ғылыми-практикалық форум өткізді. «БӘРІ АИТВ/ЖИТС туралы» тақырыбындағы жиын жайында келесі бейнематериалда.

«Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы» тақырыбында өткен форум аясында мамандар жасөспірімдерді зиянды әдеттерден алшақ болуға шақырды. Салауатты өмір салтын ұстанып, әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жайында айтылды.  Сондай-ақ, АИТВ-ның жұғу, оның таралу жолдары мен сақтану шаралары туралы кеңінен мағұлмат берді.

АИТВ инфекциясының алдын алуға болады. Егер, жұқтырған жайдайда, уақтылы ем-дом қабылдаса, адам қалыпты жағдайда өмір сүреді. Ел қатарлы отбасын құрып, бала сүю бақытынан да бұл ауру айырмайды.  Адамның имун тапшылығы вирусымен өмір сүретін жан тек жеке бас тазалығын сақтап, өзгелерге зиянын тигізбесе болғаны. Қанға түскен инфекцияны толық жойып жіберетін әзірге әлемде дәрі жоқ.   

Жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған шара барысында «ХВАРАНГ» таеквондо академиясының  спортшылары өнер көрсетіп, №65 мектеп-гимназиясының оқушылары тақырыпқа байланысты сурет  көрмесін ұйымдастырды. Өз кезегінде жас буын өздерінің білген – түйгендерін ортаға салып ой бөлісті.