«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өз жалғасын табуда. Акция  аясында Әл-Фараби алаңында жастардың қатысуымен  флешмоб ұйымдастырылып, «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында плакаттар ілінді.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрі отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық, яғни ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдар. Сондай-ақ зейнеткерлер зомбылықтың құрбаны болып жатады. Көптеген адамдар мұндай жағдайларда қайда бару керектігін білмейді немесе айтпай одан әрі ушығып кетеді деп қорқады. Әйелдер мен балаларды қорғау-қоғамның басты міндеттерінің бірі дейді мамандар.Осыған байланысты аталған бағытта жасөспірімдер мен әйелдер арасында  кездесулер жиі өткізіліп жатыр екен.

 Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл акцияға жастардың қатысуы міндетті. Алаңға жиналған жастар «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» , «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз»  сөздері жазылған парақшалар мен шар ұстап флэшбом  биледі.Ұйымдастырушылардың сөзінше   күн сайын зорлық-зомбылықтан қорлық көргендер қатары көбеюде ,мұның басты шешімі заңды күшейту дейді коммисия мүшесі.

Жалпы акцияның мақсаты ана мен  баланы қорғау,сондай-ақ отбасылық құндылықтарды қалыптастыру.