Қазығұрттық азамат ат әбзелдерін жасап, қолөнерімен көптің қызығушылығын арттырып отыр. Төл туындысын әлеуметтік желі арқылы саудалап, қазақтың ұлттық құндылығын дәріптеп келеді. Кәсіп бастау үшін жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алған. Мемлекеттік көмектің арқасында ісі өрге домалаған азаматтың жұмысымен тілшілер танысып қайтқан болатын.
Рүстем Елмұратов –Қазығұрттың тумасы. Арнайы білім алған соң, әр жерде жалдамалы жұмыс істеп, нәпақа айырған. Кейін ат әбзелдерін жасауға қызығушылығы артып, осы іске кіріскен. Алғашында талай қиындыққа тап болған ол қазір кәсібінің нәсібін көріп отыр.
Рүстем ат әбзеліне қажеттінің бәрін өзі дайындайды. Арқан тоқып, тігіс тігуден де тайынбайды. Қазір жеңілдетілген несиемен алған құрылғылары жұмысын эжеңілдете түскен. жас азамат қандай істе болмасын сабырлық жеңіске жетелейді,-дейді.
Ұлттық туындыларға сұраныс та жоғары. Қазір келіп сатып алушылармен қатар әлеуметтік желі арқылы тапсырыс беретіндер де көп. Халықтың көңілінен шыға білген жас кәсіпкер осы ісін кеңейте түспек ниетте. Ол үшін жергілікті құзырлы органдардан қолдау да жоқ емес.