Джузеппе Вердидің «Трубадур» туындысы Шымкентте. Мегаполис тарихында бірінші рет әлемдік классиктің туындысы қойылмақ. «Шымкент қалалық опера және балет театры»премьераға орай БАҚ өкілдеріне ақпарат таратты.
Театр сахнасында болатын қойылымдағы іс-әрекеттер ерекше жанрда, қызу шайқас, құмарлықтар мен бостандық үшін күрес,өткеннің елестері және кек алудың қақтығыстары орын алады. Сондай-ақ адалдық, жеккөрушілік, ана махаббаты, қаһармандық, лирика және көптеген белканто бәрі-бәрі Джузеппе Вердидің «Трубадур» операсының премьерасында көрсетілмек. Бұл премьера театр өнерпаздары үшін үлкен белес, жаңа көзқарас болуда.
Қойылым режиссеры ретінде Ресей Федерациясынан келген, бұған дейін «Домалақ ана»,«Көк Түрік», «Қыз Жібек», «Қамар сұлу» қойылымдарын сахналаған Михаил Панджевидзе. Ол өзінің режиссерлық шешімімен кез-келген көрерменді таң қалдырмай қойған емес. Әр іс-әрекетінде түпкі ойды тапқырлықпен көрсете отырып, әртістердің эмоционалдық темпераменттерін көрермен назарына жеткізе білетін маман иесі. Сонымен қатар бас суретші Германия мемлекетінен келген Гарри Гуммель.
Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасындаөнер және шынайы өмір әлеміндегі нағыз оқиға тамашаланып, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Музыка мен театрдың осы сиқырлы әлемінің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Қойылым 8,9,10 желтоқсанда «Шымкент қалалық опера және балет театры» өтеді.