Шымкенттегі ең танымал 10 есім белгілі болды. Рейтингті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы жасап отыр. Үздік бестікке Ясин, София, Айрис, Айым және Медина деген қыз есімдері кірсе, ер балалар арасында Мұхаммед, Тауман, Мансұр, Әбубәкір, және Ибраһим есімдері кірді.

Туу туралы куәлікке өтінімді онлайн режимінде және ХҚО арқылы беруге болады. Жыл басынан бері 38 мыңнан аса куәлік берілген. Филиал басшылығының мәліметінше, ата-ана атанған азаматтар туу туралы куәлікке тапсырысты өз бетінше проактивті түрде және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы бере алады. Бұл мемлекеттік қызмет түрі тегін көрсетіледі. Айта кетерлік ақпар, жыл басынан бері 30 мың куәлік онлайн рәсімделген болса, ХҚКО 8 мыңнан аса азамат жүгінген. Естеріңізге салсақ, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өткен болатын. Дегенмен, некені тіркеуге өтінішті қабылдау, өңдеу, сондай-ақ шешім қабылдау, нәтиже беру АХАТ мамандарымен жүзеге асырылады.