Табысты декларациялаудың бірінші мақсаты - активтерді анықтау, жемқорлықпен күрес. Активтер туралы декларацияны уақтылы тапсырмағандар айыппұл төлеуі мүмкін. Ал, міндетті сауалнамада мүлкін жасырып-жауып, жалған ақпарат бергендер де жауапкершілікке тартылады.
Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес салықтық декларацияны шет елде білім алып жүрген қазақстандықтар, өзге елден оралған қандастар және Қазақстанда тұруға ықтияр хаты бар азаматтар да тапсырады. Жалпыға бірдей деклаврация 2021 жылдан бері жүзеге асып келеді. Қазір 3-ші кезең: Заңды тұлғалар мен олардың құрылтайшылары яғни дара кәсіпкерлерге тапсыруға міндетті.
Бір ғана Еңбекші ауданы бойынша декларациядан өтуге міндетті 7600 азаматтың тек 720-сы ғана дерек ұсынған. Қалған 6880 тұлға құжат тапсыруға асықпай отыр.
Шамамен 1 млн 600 мың азамат елдегі және шет мемлекеттегі табысы мен мүлкін жариялауы тиіс. Алайда, кейбір тұрғындар декларация туралы білмейтін болып шықты.
Жыл басынан бастап мемлекеттік қызметкерлермен қатар, квазимемлекеттік саланың өкілдері де құжат тапсыруға міндеттелді. Декларация тапсырмағандарға алдымен ескерту жасалады. Ал егер жағдай өзгермесе 15 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды. Ал, сіз декларация тапсырдыңыз ба?