9 желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні. Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Атаулы күн арқа-жарқа мақтаумен емес профилактикалық шарамен басталды. Қоғамдағы өзекті мәселеге айналған жемқорлық дерті дендеген салалар сыналды. Бармақ басты көз қысты әрекеттер денсаулық сақтау саласында да тамырын жайған. Сондықтан алғашқы сөз сол саланың өкілдеріне берілді.
Бұл жиынға елімізге танымал кино және театр әртістері арнайы шақыртылған. Олар өздері сомдаған жемқор кейіпкердің ролін ойнаудың өзі ауыр екендігін атап өтті. Қоғамда кең етек алған сыбайластықтың салдары жайлы ой қозғады.
Жиын соңында департамент жариялаған байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Ортақ күресте белсенділік танытқан тұлғалардың еңбегі де ескерусіз қалмады. Сонымен қатар сыбайластықпен күресті насихаттап, жемқорлықтың жиіркенішті екендігін жариялап жүрген бір қатар телеарналар мен газеттердің ұжымы марапатталды.