Түркістан облысы бойынша өтіп жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Түлкібас ауданына жетті. Дін істері басқармасы ұйымдастырған жиынның мақсаты - облыс тұрғындарын деструктивті діни ағымдардан сақтандырып, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу. Кездесу қонақтарының қатарында дін, мәдениет, спорт салаларының өкілдері болды, олар жиналғандарға қандай келелі ой айтты?

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге дін саласының өкілі Дінмұхаммед Сманов, актер, мәдениет саласының өкілі Ғалымжан Қалыбаев, спортшы Ақжүрек Таңатаров, аудан әкімінің кеңесшісі Садуахас Сейсенбаев қатысты. Ал модератор -  блогер Бақдәулет Жаманқұлов. Арнайы келген қонақтар діни сауаттылық және тұрақтылық жайлы баяндамалар жасап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге ардагерлер, әжелер, аналар кеңесі, ауыл билері мен жастар қатысты. Олар тағылымды әңгіме тыңдап, құнды кеңестер алды.

Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастырған жиынның мақсаты қоғамдық пікір көшбасшыларын қатыстыра отырып облыс тұрғындарын деструктивті діни ағымдардан сақтандыру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу.

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» өңірдің барлық аудан-қаласында болады. Тұрғындардың діни сауатын ашуға, жастардың жат-ағымдардан сақтану иммунитіне оң ықпалын тигізеді.