Бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша тактикалық-саптық сабақтар өтті. Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында осындай бастама қолға алған. Барлық әскери қызметшілерге қысқа мерзімде жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алу, әскери техниканы тез дайындау, оны жауынгерлік машиналар паркінен шығару және роталық колонналар қалыптасатын аймаққа көшіру қажет болды.

Сабақтар хабарлау жүйесін тексеру, жауынгерлік әзірлікті жүргізу және басқа да міндеттерді орындау барысында басқару органдарының үйлесімділігін арттыру үшін ұйымдастырылды. «Жауынгерлік дайындық аптасы» деп аталатын бұл шара бөлімде дабыл бойынша көтерілуден басталады. Бұл бөлімнің белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындаудың нақты қабілетін тексеруге мүмкіндік береді. Сабақ барысында жауынгерлік техникаға оқ-дәрілер мен материалдық-техникалық құралдарды тиеу бойынша жаттығулар ұйымдастырылды.  

Бөлімшелердің роталық колонналарды қалыптастыру аудандарына шығуы және басқармалардың жылжымалы пункттерін құру жүзеге асырылды. Қойылған міндеттерді орындау уақыты, әскери техниканың сақталуы мен жай-күйі тексерілді.  

Жауынгерлік әзірлікті тексеру бойынша сабақтардан кейін барлық санаттағы әскери қызметшілерде жеке құрамның функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша сабақтар өтеді.