Мақтаарал ауданындағы Аязхан Қалыбеков ауылдық округінде инфрақұрылым мәселесі ретімен шешіліп келеді. Жауапытылар  елдімекендегі көшелерді жөнге келдіріп асфальт төсеу жұмысын жүргізіліпті. Ауылдық окуругте өзге қандай мәселе шешімін тапқан?

Аязхан Қалыбеков ауылдық округінде  8736 халық тұрады Жер көлемі 4478,5 гектар. Оның 4209 –ы егін шаруашылығына арналған жерлер. Қазіргі таңда окурігте инфрақұрылым мәселесі оңтайландырылған. Мәселен Абат елдімекеніндегі екі көшеге жергілікті бюджет есебінен жөндеу жұмысы жүріп, асфальт төселген.

2021-2022 жылдары ауылдық округте екі мектеп құрылысы жүргізілген. Енді «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Үлгілі елдімекенінде 600 орындық мектептің құрылысы басталып кетті. Жауаптылар жаңа мектеп Төрткүл елдімекенінде де салынатынын айтты.

Аязхан Қалыбеков ауылдық округінде ауыз су мәселесі шешіліп келеді. Мәселен  Жаңажол елдімекенін ауыз сумен қамту мемлекеттік бюджет есебінен 517 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда құбыр тарту жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ округтегі елдімекендерді абаттандыру жұмысы қарқын алып отыр.