Түркістан облысында мал іздеуге шыққан 2 адам табылмай жатыр.  Іздеу жұмыстарына құтқарушылармен бірге жергілікті тұрғындар да жұмылдырылды. Ал, Түркістан облысында үйінде босанған әйел перзентханаға ТЖД көлігімен жеткізілді.
Туыстарының айтуынша, жоғалған екі азамат Түлкібас ауданы Керейт ауыланан мал іздеуге шығып, қайтар бағытта күннің бұзылуына байланысты адасып кеткен. Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 30 адам, 4 техника және 2 дрон жұмылдырылды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар да көмекке шыққан.«Екі адамның жоғалғаны жайында 7 ақпан күні туыстары хабарлады. Түркістан облысының ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді! Ауа райына байланысты ескертулерге назар аударыңыз және күн бұзылған жағдайда үйде болыңыз!
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮЙІНДЕ БОСАНҒАН ӘЙЕЛ ПЕРЗЕНТХАНАҒА ТЖД КӨЛІГІМЕН ЖЕТКІЗІЛДІ
Жедел жәрдем қызметінің мамандары 38 жастағы келіншекті үйінде босандырып алды. Оқиға Төлеби ауданында болды. 38 жастағы жүкті келіншекті жедел жәрдем қызметкерлері үйінде босандырып алды. Содан ауруханаға алып шыққанда көліктері қар құрасауында қалып қойған. Дер кезінде жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жас босанған ананы құтқарушылардың көлігіне салып, ауруханаға жеткізді. Келіншек арнайы кереуетке жатқызылып, ауруханаға да көтеріп кіргізілген. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы қалыпты.