Еліміздің мобилографтары АҚШ-та тағылымдамадан өтті. Оған Қазақстан Президенті жанындағы «Дара» талантарды қолдау қоры ұйытқы болды. Нью-Йорк кино өнері академиясында білімін жетілдірген 20 азаматтың арасында шымкенттік жас та бар. Заманауи мамандықты меңгерген Сүндет Асанбеков Америкадағы әсерімен бөлісті, толығырақ сюжетте.
АҚШ. Лос-Анджелес. Кино өнері академиясы. Мұнда Қазақстаннан келген 20 азамат мобилография бойынша білімін жетілдірді. Креативті медиа индустрияның өкілдері бір апта бойы шығармашылық қабілетін шыңдады. Оларға америкалық кәсіби мамандар дәріс беріп, тәжірибесін бөлісті.
Дэн Маклер – Нью-Йорк кино өнері академиясының директоры
Қазақстаннан "Дара" қорымен келген студенттердің қандай керемет екенін айтқым келіп отыр. Бұл жерде барлығы бірге, таңқаларлық жұмыс жасады. Барлығы бізді қатты қуантты, аз уақытта мұғалімдер оларды жақсы көріп қалды. Және олардың экранда көрсеткен таланттары тіпті керемет. Сондықтан Сіздерге шын жүректен рахмет айтқым келеді, қайта келіңіздер!
Қазақстандықтардың беделді академияға білім алуына Президент жанындағы Дара таланттарды қолдау қоры ықпал еткен. Қор «MOB FEST» Қазақстан мобилографтары республикалық фестивалін өткізіп, өңір-өңірден 20 қатысушыны іріктеп алған. Соның арасында Шымкент қаласының азаматы Сүндет Асанбеков те бар. Кәсіби маман мобилография саласы Қазақстанда қарқынды дамып келеді деп санайды. Оның айтуынша, мобилографияда үздік маман атану үшін бастысы ынта мен креативті идея керек. Қолыңдағы телефонды дұрысынан пайдалана білген адам, шығармашылық еркіндігі мен талантының арқасында табыс табады дейді. Креативті индустрияны дамыту азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы арттыруға зор үлесін тигізеді. Айта кетейік, елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған фестивальге алғашында мың жарым видео-жұмыс түскен. Екі кезең бойынша іріктелген 20 жұмыстың авторы алдағы уақытта өңір-өңірде кретаивті экономиканы дамыта бермек.