Өскелең ұрпақ үшін ата-ананың мейірімі қатар қажет. Сондықтан ер мен әйел  бала тәрбиесіне бірдей атсалысу керек.  Отбасы институтын нығайту жайында Шымкент қаласы бойынша ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымыГүлжан  Сүгірбаева өз ойымен бөлісті.
 Елімізде отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзу мәселесі маңызды. Десекте шаңырақтың берекесі саналатын ананың рөлі ерекше. Себебі ұлтық рух пен қасиет балаға ана сүтімен дариды.Алайда асқар таудай әкеңің тәрбиесі де бала болашағына ауадай қажет.
Бала болашағына  үйінен бөлек  сыртқы ортаның  ықпалы ерекше әсер етеді. Әсіресе мектептегі тәрбиеге мән беру керек –дейді аналар кеңесінің төрайымы. Соңғы жылдары білім ұяларында ер мұғалімдер қатары кеміп кеткен.  Бірақта бұл мәселе де  оң шешімін тауып келеді екен.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдары тәрбие емес мал табу мәселесі өзекті болды. Әкелер күнкөру қамымен үй бетін көрмей, аналар ала дорба арқалап базар аралады.  Сол кезде кеткен олқылықты реттеу үшін қазіргі таңда бала тәрбиесіне ерекше мән беріліп келеді. Бала тәрбиесі –ұлттың тәрбиесі. Саналы өскелең ұрпақ  болашақ мемлекеттің мәртебесі.