Түркістан облысында көктемгі аңшылық маусымы Наурыздың 1-ші жұлдызынан бастап ашылады. Құралайды көзге атқан мергендер 15 күн саяткерлік құруға заңды түрде ұрықсат алады.Дегенмен биыл әуесқой аңшыларға қойылатын талап та жоғары болмақ.Арнайы мобилді топ саяткерлік барысын қатаң бақылауға алмақ. Яғни, атылған әрбір құстың есебі  алынады. Табиғат тазалығын сақтау да басты міндет, дейді Түркістан облыстық аңшылар мен балықшылардың қоғамдық бірлестігіндегілер.

Көктемгі маусымда елімізде тек аталық үйректі атуға ғана ұрықсат беріліп отыр.Оның өзі шектеулі. Әдетте күн жылынысымен оңтүстіктен солтүстікке бет түзейтін өзге де  құстарды атуға мүлдем болмайды.Өйткені олар суық жаққа барып  жұмыртқалап, балапан ашады.Сондықтан аңшылар да табиғат берген сыйға мейлінше құрметпен қарап,талаптарды сақтау керек, дейді қорықшылар.

Абай Бердібеков, Түркістан облыстық аңшылар мен балықшылар қауымдастығының аға аңтанушысы

- Жылдағыдан ертерек 1 наурыздан бастап аңшылық ашылады. Жолдаманы осы шымкент қаласы рысқұлов көшесіндегі 564 үйден келіп аласыздар. Көктемде тек аталық үйректерге ашылады. 5 үйрекке бағасы 5 мың теңге.2 мың гектардай жеріміз бар сол жерге барып атуға болады. Құс қазір барлық жерге шошқакөлге бар жерге келіп қойды.

Ел аумағында көктем мен күзде  аң-құстарға арнайы санақ жүргізіледі. Жыл өткен сайын жабайы тұяқтылар мен қанатты құстардың табиғи жолмен өсу көрсеткіші жақсарғаны көңіл қуантады. Бұның барлығы қорықшылардың қырағылығының арқасы болса керек.Қазір аңшылар құжаттарын рәсімдеп, маусымның ашылуына асыға күтіңп жүр.

БОЛАТ ҚОССЕЙІТ, ӘУЕСҚОЙ АҢШЫ

- Биыл уақытыл ашылып жатыр. 20 жылдан бері аңшымын. Қазір баяғыдай емес путевкаларды уақтында алып ұрықсат берілген аңдарды аталықтары ату керек. Соған сіздерге рахмет уақтында ашып ертерек әрекет жасап, аңшылардың 15 күн уақытын тиімді пайдалануға жәрдем беріп жатқандарыңызға.

Қолданыстағы заң¬на¬маға сәйкес, әуесқой аң аулау тек бекітілген аңшылық алқаптарында ғана рұқсат етіледі.Сонымен қатар қару-жараққа тиесілі құжаттардың дұрыс болуы міндетті.Айта кетейік егер жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын бұзған жағдайда, айыппұл арқалайсыз не қаруыңыз тәркіленіп екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айырылуыңыз мүмкін.