Қаламызда ұлттық тәрбие - ұлт болашағы атты диалогтік талқылау өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері, қала жастары қатысты. Отырыста жастарға ұлттық құндылықтарды насихатап, тәрбиелік бағытта ақыл-кеңестер айтылды.
Болашақ жастардың қолында. Бүгінгі күні сол мақсатта көптеген кездесулер ұйымдастырылып, шаралар іске асырылуда. Бүгінгі отырыста да, осы жастардың әлеуметтік мәселелері жайында сөз қозғалып, ел болашағының әрі қарай өркендеуіне байланысты келелі ұсыныстар айтылды.
Ұлттық сананы жаңғырту бойынша, жастар мен зиялы қауым өкілдері арасында отырыс өткен болатын. Шарада салт-дәстүрлерімзіді жаңғыртып, осы тұрғыда жастарға тәлім-тәрбиелік сипатта кеңестер айтылды. Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеп, саналы тұлға ретінде қалыптастыру туралы насихат жүргізілді.
Жиында Аманат партиясының сайлау алды міндеттелген бағдарламасына сәйкес мәліметтер айтылды. Қазіргі таңда белең алып жатқан тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар қоғамдағы сан қилы келеңсіздіктерді шешуге бағытталған жоспарларымен бөлісті.
Жастардың бүгінгі таңдағы әлеуметтік жағдайымен бөлісті. Тіл мәселесі сөз етіліп, қазақ өркениетіндегі өзекті мәселелерін қозғады.Қазақ өркениетінің рухани құндылықтарымыз бен егемендігімізді сақтауға шақырды.